3 қазан – Түркі халықтарының ынтымақтастығы күні

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PDsJkHW7P9vXseOCQ0phVQAfc1hM20JNFZU3VxTc.jpg

3 қазан – Түркі халықтарының ынтымақтастығы күні. Бұл атаулы күн 2011 жылдан бері атап өтіледі, деп хабарлайды "Адырна".

Осыдан 17 жыл бұрын, 2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Кейін бұл ұйым Түркі мемлекеттері ұйымы боп қайта құрылды. 

Нахчыван келісіміне бастапқыда Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия қол қойған. 2018 жылы Өзбекстан ұйымның толыққанды мүшесі атанды. Венгрия бақылаушы мәртебесін алды. Ал 2021 жылы Түрікменстан ұйымға бақылаушы мемлекет ретінде қосылды.

Түркі мемлекеттері ұйымы ортақ тарих, тіл, мәдениет және бірегейлік негізінде ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Ұйым аясында көлік-транзит, экономика, экология, ғылым, білім, өнер, туризм, спорт және гуманитарлық байланыстар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіледі.

Comments