"Жаңа Әзербайжан" Қарабақты қайтарған кейінгі алғашқы құрылтайын өткізді

198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HjkIhT1oG9UHbXiKZBXtyst3ro65xGePsbjOLsgV.webp

Фото: Report

Бакудегі Гейдар Әлиев орталығында «Жаңа Әзербайжан» партиясының VIII съезі өтуде. Жиынға Әзербайжан Республикасының президенті әрі партия төрағасы Ильхам Әлиев қатысты. Бұл туралы Report жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Съезде сөз сөйлеген Ильхам Әлиев «Жаңа Әзербайжан» партиясы Әзербайжанның ғана емес, Оңтүстік Кавказдың да ең ірі саяси күштерінің бірі екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, партия 30 жылдан астам уақыт бойы билікте келеді. Ол елдің соңғы жылдардағы дамуында партия белсенділерінің үлесі зор екенін айтты.

«Соңғы жылдары еліміздің басынан өткерген табысты әрі даңқты жолында партия белсенділерінің еңбегі мен өлшеусіз үлесі зор», – деді Ильхам Әлиев.

Съезд барысында партияның қызметі, елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқылануда.

Report агенттігінің хабарлауынша, Ильхам Әлиев келесі жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар көлемін арттыру туралы тапсырма берді.

«Әзербайжан халқының әл-ауқатын жыл сайын жақсарту мақсатында біз бұл саясатты тұрақты түрде жүргізіп келеміз», – деді ол.

Бұл - Совет одағы ыдырағанда пайда болған Таулы Қарабақ мәселесі шешіліп, Әзербайжан толықтай аумақтық тұтастығына қол жеткізгеннен кейін билік партиясы өткізіп отырған тұңғыш құрылтай. 

Comments