Тамыз айында Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады. Биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш түскен болатын. Ал мемлекеттік грант ұтпаған түлектер үшін қандай мүмкіндіктер бар?
JUZ40 EdTech компаниясының жетекші ұстазы Дулат Мұратов бұл сұраққа былай жауап береді:
«Мемлекеттік грантты ұтпаған оқушыларға айтарым, мұңаймаңыздар. Мемлекеттік гранттан бөлек түлектеріміз үшін елімізде түрлі арнайы бағдарламалар қарастырылған: әкімдік гранттар, университеттердің ішкі гранттары, «Қазақстан халқына» қоры, сондай ақ ірі компаниялардың гранттары. Биыл JUZ40 EdTech компаниясының атынан 36 түлек еліміздегі ірі жоғары оқу орындарына ішкі грант ұтып алған болатын», - дейді ол.

JUZ40 баспасөз дереккөзінен алынды
Ішкі грант тәжірибесі
JUZ40 бірнеше ЖОО-мен меморандумға отырып, өз түлектеріне арнап ішкі грант бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Мемлекеттік грант ұтпаған оқушыларға тағы бір мүмкіндік беру - бағдарламаның басты мақсаты. Биыл жеті университет - UIB, MetaU, ALT University, Energo University, ҚБТУ, MNU және Нархоз - JUZ40 түлектеріне жалпы 45 ішкі грант бөлді, оның 36-сы толық игерілді. Бұған қоса Нархоз университеті жеті түлекке оқу ақысына жеңілдік ұсынды. Бұл - университеттердің арнайы JUZ40 түлектеріне бөлген ішкі гранты. Оқушы грант иегері болу үшін JUZ40 EdTech компаниясы түлегі болып, арнайы білім талаптарына сай болуы тиіс.

JUZ40 баспасөз дереккөзінен алынды
Тағы қандай мүмкіндіктер бар?
Дулат Мұратов атап өткендей, университеттің ішкі гранты - жалғыз жол емес. Мемлекеттік грант ұтпаған түлектер тағы бірнеше нақты бағытты қарастыруы тиіс:
Мемлекеттік грант ұтпасаңыз, бұл - мүмкіндіктің соңы емес. Университеттердің ішкі гранттары, әкімдік гранттары, қорлар мен ірі компаниялардың білім беру бағдарламалары - нақты жұмыс істейтін жолдар.
