Астанада жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Ақпаратты Астана қаласы полиция департаменті растады.
Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасының видеосы тараған. Кадрларда көшеде келе жатқан қызды көлік қағып, жүргізушінің тоқтамастан оқиға орнынан кеткені көрінеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына қатысы бар «Jetour T2» автокөлігінің жүргізушісі анықталған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Қазір оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара қабылданады.
Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайы тексеру нәтижесінде анықталатынын хабарлады.
Related news
