27 қыркүйекте Сербия президенті Александр Вучич қызметінен кету туралы құжатқа қол қойды. Енді мемлекет басшысының міндетін Сербия Ұлттық скупщинасының төрайымы Ана Брнабич уақытша атқарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
«Сербия Республикасы Конституциясының 116-бабының 5-тармағына сәйкес, республика президенті қызметінен кету туралы өтініш беремін. Мен осы екі президенттік мерзім бойы сіздерге адал, әділ әрі абыроймен қызмет еттім», – деді Вучич жиналған жұрт алдында.
Екі апта бұрын Вучич 25 қазанда өтетін сайлау қарсаңында парламентті тарату туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сондай-ақ ол өзі жетекшілік ететін Сербияның прогрессивті партиясына парламент сайлауында жеңіске жетуге көмектесетінін айтты. Сарапшылардың пікірінше, Вучич сайлаудан кейін премьер-министр болуды көздейді, ал президенттікке өзіне барынша адал саясаткерді ұсынуы ықтимал.
Айта кетейік, Сербияда жыл соңына дейін президент сайлауы өтуі тиіс.
The President of the Czech Republic has granted permission for 60 citizens to join the Ukrainian military
