Махат Төреәлі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына 100 млн теңге бөлетінін айтты

280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kOlPobPZfx1lVvbZSuhgWSMP1xwbIHYDV1n2y01C.webp

Белгілі меценат әрі кәсіпкер Махат Төреәлі Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді. Кәсіпкер бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".

«Елімізде орын алған қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді.

Ешқандай қаржы мен сөз бұл қайғының орнын толтыра алмайтынын жақсы түсінемін. Дегенмен осындай қиын сәтте елмен бірге болу, бәріміздің азаматтық парызымыз деп санаймын.

Ел болып көтерген жүк жеңіл болады. Біз де халқымызбен бірге қолымыздан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз.

Ел болып жұмылған осы қиын сәтте жеке өз атымнан және Beles құрылыс компаниясының атынан 100 млн теңге қаржылай көмек беруді ұйғардым», – деп жазды Махат Төреәлі.

Айта кетейік, кеше Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 17 әскери қызметшіні теңіз ағызып кеткен болатын. Оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.

Comments