Фото: t.me/auditpalatasy
Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері тағайындалды. Тиісті жарлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды "Адырна".
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Амангелді Сағындықұлы Есенов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
- Юлия Федоровна Энгель Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттың судьяларын және Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындаған еді.
Related news
