Президент Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындады

246
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/srpkwwY8KmyqhwMQAYX7aM2usyc3zd9sU7mzFcz0.webp

Фото: t.me/auditpalatasy

Бүгін,  23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшелері тағайындалды. Тиісті жарлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Амангелді Сағындықұлы Есенов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
  • Юлия Федоровна Энгель Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттың судьяларын және Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындаған еді.

Комментарии