Бесінші алтын. Қазақстандық спортшы Азия ойындарының чемпионы атанды

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/o2Hf9d0PMhyuCgifs3R1Ft1ocjLfywSB5gyodinU.jpg

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркінғали Бүркіталин Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна”.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Еркінғали Бүркіталин финалдық кездесуде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевпен кездесті.

Айқас қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына жарыстағы бесінші алтын медальді салды.

Comments