Президент Астана әкімі мен командасын мақтады

75
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gd2eTkZtKUGe8595TgrM7qXQfda4zcKOQuaz8z6E.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен оның командасының еңбегін атап өтті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы елордада өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысушылармен кездесуде айтты.

Президенттің сөзінше, бүгінде Қазақстанда ауқымды реформалар жүзеге асырылып, әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым нысандары салынуда. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары бар.

Президент Тоқаев құрылыс сапасына ерекше назар аудару қажет екенін айтып, бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді. Оның сөзінше, талаптар мен белгіленген нормаларды бұзғандар заңға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс.

Мемлекет басшысы Астананы Қазақстанның жетістіктерін көрсететін үлгілі қала ретінде атап өтті.

«Астана күн сайын көркейіп келеді. Бұл – қала әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің және оның командасының тынымсыз еңбегінің нәтижесі», – деді Президент

Comments