“Атырау” футбол клубының шетел алдында берешегі бары анықталды

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XoJ9QjXRKGkf2lT57puson3vy1ti5BZdylIlNo0a.webp

«Атырау» футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына байланысты берешегі бар, деп хабарлайды “Адырна”. 

Клуб баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, клубтың түрік тарапына берешегі 42,2 мың еуроны, яғни шамамен 21,5 млн теңгені құрайды. Атыраулық команда биыл қыста Түркияның Анталья қаласында бір айға жуық оқу-жаттығу жиынын өткізген. Алайда жиын аяқталғаннан кейін шамамен жеті ай өтсе де, қаржылық міндеттемелердің бір бөлігі өтелмеген.

Клубтың мәліметінше, бұл берешек қазіргі басшылық қызметке кіріскенге дейін қалыптасқан. Қазіргі басшылық клубты басқаруға 2026 жылғы 17 сәуірден бастап кіріскен.

Қазір клубта мәселе зерделеніп жатыр. Берешекті реттеу және түрік тарапымен қаржылық міндеттемелерді кезең-кезеңімен орындау бойынша жұмыс жүргізу жоспарланған.

Comments