Қазақстан екінші атом электр станциясын салу мәселесі бойынша әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин МАГАТЭ Бас конференциясының 70-сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, ұлттық ядролық бағдарлама аясында бірінші атом электр станциясының құрылысына дайындықпен қатар, екінші АЭС-ті салу перспективалары да талқылануда.
«Ядролық бағдарламаны іске асыру шеңберінде бірінші АЭС құрылысын бастауға дайындық жүргізілуде. Сонымен қатар екінші атом электр станциясын салу мәселесі бойынша әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жалғасып жатыр»,–деді Серғазин.
Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы сәуірде бекіткен атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы заманауи ядролық кластер қалыптастырудың негізіне айналуы тиіс екенін атап өтті.
Құжатта атом энергетикасымен қатар оған байланысты өнеркәсіпті, ғылымды, білім беру жүйесін және жоғары технологиялық өндірісті дамыту көзделген.
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
