Венгрия билігі «дипломатиялық мәртебеге сәйкес келмейтін қызметпен» айналысты деген себеппен Ресейдің дипломатиялық өкілдігінің 10 қызметкерін елден шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі DW-ға сілтеп.
Бұл туралы 8 қыркүйекте Венгрияның сыртқы істер министрі Анита Орбан айтты.
Министрдің айтуынша, ресейлік дипломаттар Венгрия аумағында Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық мәртебеге сай келмейтін қызмет жүргізген. Осыған байланысты аталған тұлғалардан ел аумағынан кету талап етілген.
Венгрия тарапы бұл шешімді елдің қауіпсіздігі мен егемендігін қорғау мақсатында қабылдағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар сыртқы істер министрі дипломаттарды елден шығару Ресеймен дипломатиялық қатынастарды үзуді білдірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасында өзара құрмет пен халықаралық ережелерді сақтау негізінде қажетті диалог жалғасуы тиіс.
Ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мәскеу Венгрияның бұл шешіміне жауап ретінде қарсы шаралар қабылдауды қарастырып жатыр.
Vice Prime Minister and Minister. Jamaubayev told about the difficulty of carrying out two duties at the same time
