Казталов ауданында "Ділмар" үйірмесіне арналған сынып ашылды

180
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GSAbJ3kiLJKpFuoMMOvaAyujYUORu3UctbG08Xm4.jpg

Казталов ауданында оқушылардың шешендік қабілетін дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Ділмар» шешендік өнер үйірмесіне арналған арнайы сынып ашылды.

Рухани орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, «Ділмар» клубының негізін қалаушы Жарқын Сәленұлы, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және арнайы қонақтар қатысты. Салтанатты лента қию рәсімі шешендік өнерді насихаттап жүрген ұстаз Жарқын Сәленұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мирболат Айекеұлына берілді.

Шараның жалғасы «Сөзден қалған із» тақырыбында Жарқын Сәленұлымен сыр-сұхбат форматымен жалғасты. Кездесуде шешендік өнердің мәні, сөз мәдениеті, көпшілік алдында еркін сөйлеу және өз ойын дұрыс жеткізу мәселелері талқыланды. Оқушылар да өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, қонақпен еркін пікір алмасты. Сонымен қатар «Ділмар» үйірмесінің мақсаты мен міндеттері таныстырылып, алғашқы мүшелері өнерлерін ортаға салды. Оқушылар шешендік өнерді дәріптеуге, ана тілінің қадірін арттыруға және сөзді құрметтеуге серт берді.

Жиын барысында аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа бастамаға қолдау білдірді. Сондай-ақ Жарқын Сәленұлына республикалық үйірменің ауылдық жерде бөлімшесінің ашылуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Жайна ҚАБИБОЛЛА

Comments