Әскердегі әлімжеттік. Сарбаз сержанттың ұрғанын айтты

113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jFet0gue7HqWcF3tqalmHBbk1hZr2Pg7axnS5nZD.jpg

Ақтаудан әскерге шақырылып, Ақтөбедегі Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ол әскери бөлімде сержанттар бірнеше рет ұрғанын айтып, видеоүндеу жариялаған.

Бұл туралы Lada.kz жазды.

Сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаеваның айтуынша, оның ұлы Досымбет 3 шілдеде әскерге шақырылған. 4 қыркүйекте анасына Ақтөбедегі ауруханадан қоңырау түсіп, ұлының үш күннен бері ем алып жатқаны айтылған.

Алғашында сарбазды уролог тексерген. Алайда талдаулардан инфекция анықталмаған. Кейін травматолог шақырылып, дәрігер қуықтағы мәселеге алған жарақаты себеп болуы мүмкін екенін айтқан.

Осыдан кейін сарбаз анасына әскери бөлімде өзін бірнеше рет ұрғанын жеткізген. Онымен сөйлескен травматолог полиция шақырып, сарбаз арыз жазған.

Полиция бөлімінде отырған кезінде Досымбет анасымен видеобайланысқа шығып, өзін аға сержант пен тағы екі сержант ұрғанын айтқан.

Сарбаздың анасы туыстарымен бірге Ақтаудан Ақтөбеге жолға шығуға дайындалып жатқанын айтты. Ол әскери бөлімдегі жағдайды тексеріп, істің ашық тергелуін сұрады.

Әскери бөлім өкілдері журналистерге Досымбет Еркебұланның осы бөлімде қызмет ететінін және қазіргі уақытта ауруханада жатқанын растаған.

Comments