Украина президенті Владимир Зеленский Киев қаласының орталығында орналасқан Украинаның Қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) ғимаратына ресейлік дрон соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Зеленскийдің айтуынша, дрон УҚҚ-ның Владимирская көшесіндегі орталық ғимаратына, София соборының қарсы бетінде орналасқан нысанға тиген.
«УҚҚ басшысы Александр Покладпен сөйлестім. Өкінішке қарай, Киевтегі Владимирская көшесінде, София соборының қарсы бетінде орналасқан УҚҚ орталық ғимаратына ресейлік дронның соққысы тиді», — деп жазды Украина президенті Telegram-дағы парақшасында.
Зеленский дронның ғимараттағы УҚҚ басшысының кабинетіне тікелей бағытталғанын атап өтті.
«Дрон осы ғимараттағы УҚҚ басшысының кабинетіне тура бағытталған», –деді ол.
Украинаның «Украинская правда» басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, дрон УҚҚ басшысы Александр Покладтың кабинетіне түскенін хабарлады. Алайда шабуыл кезінде Покладтың кабинетінде болмағаны айтылды.
Зеленский оқиғаға байланысты УҚҚ басшысына Ресейге жауап беруді тапсырған. Президенттің сөзінше, жауап «мүмкіндігінше айна-қатесіз» болуы тиіс. Оның айтуынша, бұл шара барлық қажетті дайындық аяқталғаннан кейін жүзеге асырылмақ.
“The President is keeping the situation under control.” Akorda issued a statement about Ukraine during the night
