Ер адамды пойыз қағып кетті

188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VNZWsLltCXeKm2j5t0OW9sGHaz0xuuzlGj8Zf9EO.jpg

Қарағанды облысында теміржол жолында ер адамды пойыз қағып, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға 1 қыркүйекте болған. Бұл ақпаратты көліктегі полиция департаменті растады.

Полиция мәліметінше, «Қарағанды – Сортировочный» станциясында болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Іс теміржол көлігінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Comments