Атыңды қойдым, Ғарышкер. Димаш Президент сыйлаған тазыны осылай шақырады

362
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MBXdtU0JDTD8niOFLEr0iQ41QD3W2wsORSbNkD98.webp

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қазақ тазысы мен төбеті күніне орай түсірілген кадрлармен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өнер иесі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа алған тазы итіне «Ғарышкер» деп ат қойған.

«Бірінші суретте - бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды. Ал екінші суретте менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары. Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым»,–деді ол.

Жазбасының соңында әнші Президенттік телерадиокешенге бірегей кадрлар үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгін, 3 қыркүйекте алғаш рет қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтіледі.

Comments