Көшпенділер ойынын көрмеген Си Цзиньпин ШЫҰ рөлін күшейтуді ұсынды

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4958oK4II91oNr9jNwX6ws2Owpe0AkQBxzNnc5LH.jpg

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) өңірлік және жаһандық тәртіпті қалыптастыруға белсендірек қатысуы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 1 қыркүйекте Бішкекте өткен ШЫҰ саммитінде айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Қытай көшбасшысы ұйымды даму, қауіпсіздік, өркениеттер диалогы және жаһандық басқару салаларындағы бастамаларды жүзеге асыратын маңызды алаңға айналдыруды ұсынды. Оның айтуынша, 25 жыл ішінде ШЫҰ аумағы, халқы және экономикалық әлеуеті бойынша әлемдегі ең ірі өңірлік ұйымдардың біріне айналды.

Си Цзиньпин ШЫҰ аясындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Атап айтқанда, сауда, инвестиция, көлік, энергетика, жасанды интеллект, цифрлық экономика және жасыл технологиялар салаларына басымдық берілмек.

Қытай алдағы үш жылда ШЫҰ елдерімен бірлесіп 100 ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Бейжің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қолдау білдірді.

Қауіпсіздік саласында Си Цзиньпин терроризм, экстремизм, есірткі тасымалы, трансұлттық қылмыс және киберқауіптерге қарсы бірлескен іс-қимылды күшейтуге шақырды.

Сондай-ақ Қытай ШЫҰ-ның Украинадағы соғыс, Таяу Шығыстағы қақтығыстар және Ауғанстандағы жағдай бойынша ортақ ұстанымдарын үйлестіруге дайын екенін мәлімдеді.

Си Цзиньпиннің ұсыныстары ШЫҰ-ны тек өңірлік ынтымақтастық ұйымы емес, көпполярлы әлемдік тәртіпті қалыптастыруға ықпал ететін халықаралық платформа ретінде дамытуға бағытталған.

Айиа кетсек, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Бішкекте өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатыса алмаған. Бұған Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы табиғи апат себеп болған.

Оның айтуынша, Си Цзиньпиннің Көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысуы Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының бағдарламасында жоспарланған.

Comments