Өзбекстан шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий жариялады

74
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/c9xDQOLevcKzpXw72IvtgiatzjQ2odY5XJNB5xFu.jpg

Өзбекстанда шағын бизнесті тексеруге үш жыл мерзімге мораторий енгізілді. Тиісті жарлыққа президент 27 тамызда қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі хабарлады, деп жазады "Адырна".

Мораторийге қылмыстық істер аясындағы тексерулер, денсаулық сақтау және еңбек заңнамасы мәселелері, азаматтардың өтініштері, ҚҚС-ты қайтару және бизнесті таратуға байланысты тексерулер кірмейді.

Мораторий қолданылатын кезеңде заңсыз жүргізілген тексерулер құқық бұзушылық болып саналады, ал кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, Бизнес-омбудсман «Тиімді бақылау» шарасын жүргізеді. Оның аясында соңғы үш жылда шағын бизнеске қатысты жүргізілген тексерулердің материалдары зерделеніп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

Comments