Атырау қаласы мен оған қарасты 6 ауылдық округте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ерекше тазалық акциясы басталды.
Акцияның шарты қарапайым: тұрғындар 10 пластикалық бөтелке жинап, оны 1 балмұздаққа айырбастай алады. Бастама әсіресе балалардың қызығушылығын оятып, оларды қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ынталандыруды көздейді.
Акция аясында жалпы 7 мың балмұздақ тарату жоспарланған. Осылайша 70 мың пластикалық бөтелке жинау көзделіп отыр.
Бүгінде Дамбы, Атырау және Кеңөзек ауылдық округтерінде акцияға белсенді қатысушылардан 30 мыңға жуық пластикалық бөтелке жиналды.
Жиналған пластикалық бөтелкелер қайта өңдеуге жіберіледі. Ұйымдастырушылар акция арқылы тұрғындарды тазалыққа үлес қосып қана қоймай, пластик қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығына назар аударуға шақырады.
Айта кетейік, акция қала аумағы мен ауылдық округтерде кезең-кезеңімен жалғасады.
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
