Иран АҚШ-пен жасалған келісім бойынша Орталық Азия елдерімен кеңесіп жатыр

266
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hmz4DUe4SWxxQ3NmERdfprmdiyh09deIsDI48ArZ.jpg

Иран АҚШ-пен қақтығысты реттеу жөніндегі келісімнің жекелеген тұстарына қатысты Орталық Азияның бірқатар елімен консультациялар жүргізіп жатыр. Бұл туралы Иранның Түрікменстандағы елшісі Әли Моджтаба Рузбехани брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Report-қа сілтеме жасап.

«Белгілі болғандай, АҚШ-пен жасалған атысты тоқтату туралы келісім әзірге толыққанды жұмыс істеп тұрған жоқ. Құжатқа қол қойылғанымен, оның бірқатар талабы орындалмай жатыр. Өздеріңіз білетіндей, келісім Пәкістан, Қатар және Түркияның арағайындығымен қабылданды. Әрине, АҚШ пен делдал елдердің өз міндеттемелерін толық орындауы қажет. Біз Пәкістанмен келіссөздер жүргізіп, Орталық Азия елдерімен консультациялар өткізіп жатырмыз», – деді ол.

Дипломаттың айтуынша, АҚШ басшылығы тарапынан әзірге ешқандай нақты қадам жасалмаған.

«Осыған байланысты біз АҚШ тарапынан болуы мүмкін кезекті әскери агрессия әрекеттеріне тойтарыс беруге дайындық жағдайында тұрмыз», – деп нақтылады елші.

Comments