Қос президент отбасымен Бұхараны аралады

167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1lXCWHqAiiEmcheMlT4w2lGp5roOD323HUREbB0f.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жұбайларымен бірге Бұхараға барды, деп хабарлайды “Адырна”.

Олар 24 тамызда Бұхараның тарихи-мәдени нысандарын аралады. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары Саманилер кесенесі, Арк қамалы, Пои-Калон және Ляби-Хауз сәулет ансамбльдері, сондай-ақ Көкілдаш медресесіне барды.

Сапар Саманилер кесенесінен басталды. Исмаил Самани салдырған бұл тарихи нысан Саманилер әулетінің отбасылық мазары ретінде тұрғызылған. Кесене 1993 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген.

Бұдан кейін президенттер бірнеше ғасыр бойы Бұхараның саяси және әкімшілік орталығы болған Арк қамалын тамашалады.

Мемлекет басшылары Пои-Калон сәулет ансамблімен де танысты. Орталық Азиядағы ең танымал тарихи кешендердің бірі саналатын ансамбльдің басты нысаны – 1127 жылы тұрғызылған Калон мұнарасы. Кешен құрамында XVI ғасырдың басында салынған Калон мешіті мен Мир-Араб медресесі бар.

Сапар барысында Ляби-Хауз ансамблі де таныстырылды. Көне Бұхараның орталығындағы тарихи су қоймасының айналасында қалыптасқан бұл орын қаланың ең танымал қоғамдық кеңістіктерінің бірі саналады. Ансамбль құрамына Көкілдаш медресесі, ханака және Надир Диванбеги медресесі кіреді.

Сондай-ақ Әзербайжан президенті мен оның жұбайына ұлттық қолөнер бұйымдары таныстырылып, Бұхара қаласының тарихы туралы ақпарат берілді.

Comments