Бүгіннен бастап самокатпен тротуарда жүруге болмайды. Жаңа тәртіп күшіне енді

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ecpqwrZWqT5qXNy2EfuB6ySsBNKDTPY8Fvixzt7j.webp

Бүгін, 25 тамыздан бастап Қазақстанда электрлі самокаттар мен қозғалтқышы бар велосипедтерді пайдалану тәртібі өзгереді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Тиісті өзгерістер «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген түзетулерге байланысты күшіне енді. Енді жеке және жалға алынған электросамокаттармен тек веложолақта немесе жолдың шетімен жүруге рұқсат етіледі. Жолға шығатын самокат жүргізушісінде шлем және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын жилет немесе арнайы киім кию міндетті.

Ал гироскутер, сигвей, электромотоскейтборд, монодөңгелек секілді шағын электр көлік құралдарымен жаяу жүргіншілер жолында жүруге болады. Самокаттардың тротуармен жүруіне жергілікті атқарушы орган арнайы рұқсат бере алады. Сонымен қатар 25 тамыздан бастап қозғалтқышы бар, яғни электр немесе бензин қозғалтқышымен жабдықталған велосипедтер мопедтерге теңестіріледі. Сондықтан оларды тротуар мен веложолақта жүргізуге болмайды. Мұндай көліктер мемлекеттік тіркеуден өтіп, нөмір алуы және міндетті сақтандырылуы тиіс. Басқару үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігі қажет.

Comments