Сырдарияға батып кеткен екі ағайындының денесі табылды

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kmNHAHshRIEOa1otFanEgUjjDxggntNATAEMPQOd.webp

Түркістан облысы Сауран ауданында Сырдария өзеніне батып кеткен екі азаматтың да денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға 22 тамызда Үшқайық ауылдық округі аумағында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1998 және 2002 жылы туған екі ағайынды суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Шомылу кезінде 24 жастағы азамат суға батып кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған 28 жастағы ағасы да өзенге батып кеткен. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін іздестіру жұмыстары басталды. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар мен марқұмдардың туыстары қатысты. Іздеу жұмыстарына 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары және дрондар жұмылдырылды.

Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, 24 тамызда 2002 жылы туған азаматтың денесі шомылған жерден шамамен 6 шақырым қашықтықтан табылған. Ал 25 тамызда іздестіру жұмыстары барысында 1998 жылы туған екінші азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 30 шақырым жерден табылды.

Comments