Иран сыртқы істер министрінің кітабы қазақ тілінде жарық көрді

296
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NIMYGIuugG4CLuuay1QOnrOui8gc8gPOvZbhU3VE.png

Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчидің «Келіссөз құдіреті» атты кітабы қазақ тіліне аударылып, жарық көрді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің қоғамдық дипломатия бөлімінің бастамасымен және Қазақстан Республикасының Тегерандағы Елшілігімен өзара ынтымақтастық аясында дайындалған. Еңбекті Тегерандағы Қазақстан елшілігі басшысының орынбасары Бекмұрад Хайдар қазақ тіліне аударған. Кітаптың қазақша аудармасы Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрлігінде жарық көрді. Еңбекте халықаралық қатынастар, дипломатиялық келіссөздер және келіссөз жүргізу тәжірибесіне қатысты мәселелер қамтылған.

Автор – Иранның қазіргі сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи. Оның дипломатиялық қызметінде халықаралық келіссөздер мен сыртқы саясат мәселелері маңызды орын алады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, кітапты Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттерге, саясаттану саласының мамандарына және халықаралық қатынастарға қызығушылық танытатын оқырмандарға ұсынуға болады.

Кітаптың қазақ тілінде жарық көруі Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени және дипломатиялық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара түсіністік пен интеллектуалдық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.

Comments