Көкшетауда «Мектепке жол» акциясы өтті: балаларға оқу құралдары табысталды

213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vi4eWWFkPlkZPzDuMIbxBXmoX7N2smDj16owT4Ee.jpg

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» КММ-де жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтар табысталды.

Акцияға Қазақстан корейлері қауымдастығының Ақмола облыстық филиалының мүшесі Екатерина Кан, «Бари» армян мәдени орталығының төрайымы Арминэ Тороян, Көкшетау қаласындағы Әзірбайжандар қауымдастығы филиалының мүшесі Кавказ Гадиров, сондай-ақ өзбек және «Манас» этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов балаларға қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.

«Балаға жасалған қамқорлық – қоғамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіші. Әр бала жаңа оқу жылын қуанышпен бастауы керек. Осы игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялардың мақсаты – балаларға қажетті қолдау көрсету ғана емес, қоғамдағы мейірімділік пен өзара көмекті нығайту.

Әртүрлі этномәдени бірлестік өкілдерінің бір шара аясында бас қосып, балаларға қолдау көрсетуі елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің нақты көрінісіне айналды.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы бұл бастама балаларға қуаныш сыйлап, олардың мектепке жақсы көңіл-күймен баруына мүмкіндік берді.

Comments
Other materials