Оқ-дәрі шығаратын зауыттағы жарылыс алапат өртке ұласты

263
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QzmQje1VSCUQO7djtdSqtQmaUTwqdpTeVn7kybLo.jpg

Римнің оңтүстігінде орналасқан Коллеферро қаласындағы ірі оқ-дәрі өндіретін кәсіпорын жарылып, өрт болды. Бұл туралы ANSA басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Басылым мәліметінше, жарылыс бүгіндері KNDS Ammo Italy компаниясына тиесілі бұрынғы Simmel Difesa зауытында болған.

Бұл компания құрлық және әскери-теңіз күштеріне арналған орташа және ірі калибрлі оқ-дәрілерді, сондай-ақ аэроғарыштық зымырандарға арналған қатты отын шығарады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс оқ-дәрі ұнтақтарын сығымдау цехында болған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр, алайда олар өртті сөндіруге кірісе алмай отыр.

Comments