Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

289
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ddDlNOogmhy02zL3U90eFBKzH4Ns0JjwskMZFWpB.jpg

Алматыда ғалым, қоғам қайраткері, Алматы қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жоғары мемлекеттік награда оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілді. Президент атынан орденді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Асылы Осман ұзақ жылдар бойы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Ол Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады. Ғалымның авторлығымен 200-ден астам ғылыми және аударма мақала жарық көрген. Оның еңбектері қазақ тілін дамыту, тіл мәдениеті және қоғамдық келісім мәселелеріне арналған.

Мемлекет басшысы Асылы Османның мемлекеттік тілді дамытуға, қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Марапатты табыстау рәсімінде Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да қоғам қайраткерінің қаладағы қоғамдық және мәдени өмірге қосқан үлесін атап өтті.

Comments