Құжатқа Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф қол қойған, деп хабарлайды "Адырна" TRT-ға сілтеп.
Келісімге сәйкес, үш елдің біріне жасалған қарулы шабуыл барлық қатысушы мемлекетке жасалған шабуыл ретінде қарастырылады. Тараптар бұл қағидатты БҰҰ Жарғысының 51-бабында бекітілген жеке және ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығымен байланыстырады.
Дереккөздердің мәліметінше, келісімге Жидда қаласында 7 тамыз күні қол қойылған. Ол тек қорғаныс сипатында және нақты бір мемлекетке қарсы бағытталмаған. Оның негізгі мақсаты – аймақтағы және әлемдегі қауіп-қатерлердің артуы жағдайында бірлескен тежеу тетіктерін күшейту.
Сонымен қатар Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейтіп, қарулы күштерінің өзара іс-қимыл мүмкіндігін арттыруды жоспарлап отыр.
Келісімнің тағы бір ерекшелігі – оған кейінірек аймақтағы басқа мемлекеттердің де қосыла алуы. Тараптардың айтуынша, жаңа механизм үш елдің қолданыстағы одақтары мен серіктестіктерін алмастырмайды, керісінше оларды толықтыруға бағытталған.
"We should be an example for students." The secondary school teacher of physical education mentioned a number of achievements and problems
