Алматы қаласындағы «Байсат» көтерме-бөлшек сауда базары бірнеше рет өткізілмеген аукционнан кейін 24,8 миллиард теңгеге сатылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.
БАҚ деректерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, тұңғыш президенттің ағасы Сатыбалды Назарбаевтың ұлы, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болғаны туралы ақпарат тараған.
Мемлекеттік мүлік тізіліміндегі мәліметке сәйкес, аукционға бір ғана қатысушы өтінім берген. Сауда-саттық бағаны көтеру әдісімен өткен. Алайда базардың жаңа иесі туралы ақпарат жарияланған жоқ.
«Байсат» базары бұған дейін бес реттен астам саудаға шығарылған. Алғаш рет 2025 жылдың қыркүйегінде оның бастапқы бағасы 28,6 миллиард теңге болып белгіленгенімен, сатып алушы табылмаған. Кейін баға 26 миллиард теңгеге, одан соң 24,7 миллиард теңгеге дейін төмендетілген. Соңғы аукционда актив 24,8 миллиард теңгеге сатылды.
Базар Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолы, 7 мекенжайында орналасқан. Актив құрамына жалпы ауданы шамамен 13 гектар болатын екі жер учаскесі, сауда павильондары, қоймалар, әкімшілік ғимарат, асхана, бақылау-өткізу пункті және басқа да шаруашылық нысандары кіреді. Нысан азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары, сантехника және өзге де тауарлар сатылатын ірі көтерме-бөлшек сауда орталығы саналады. Мамандардың бағалауынша, «Байсат» орта бизнес субъектісіне жатады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында базар сауда орындарын жалға беру есебінен 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
