Маңғыстауда «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығы басталды

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lG3SXIJ1ZwiFWQ0cxLe3zGWIAbCLnrlrbNfMEjWh.jpg

Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Халықаралық волонтерлер жылы аясында «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна". 

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов жазды.

Оның айтуынша, Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға бағытталған халықаралық жоба Каспий маңы елдерінің күш-жігерін біріктіретін ірі экологиялық бастама саналады.

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Каспий маңы мемлекеттерінің ресми делегациялары, экология саласының сарапшылары, жастар ұйымдарының мүшелері мен волонтерлер қатысты. Апталық аясындағы іс-шараларға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 2 мыңнан астам адам қатысуда.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұндай халықаралық бастаманың өңірде өтуі Маңғыстаудың экологиялық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін күшейтетінін атап өтті.

Сондай-ақ Тегеран конвенциясының Уақытша хатшылығының үйлестірушісі М. Әлиев пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров қатысушыларды құттықтап, Каспий теңізінің экожүйесін қорғауда мемлекеттердің бірлескен іс-қимылының маңызын атап өтті.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, алғаш рет «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық волонтерлік апталығының ресми әнұраны орындалды.

6–12 тамыз аралығында апталық аясында панельдік пікірталастар, экологиялық акциялар, Clean Caspian Challenge халықаралық жағалау тазалау науқаны, Caspian Hackathon, TED форматындағы кездесулер, Бозжыра шатқалына экспедиция және Caspian Sea Talks халықаралық саммиті өтеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Маңғыстау облысы әкімдігі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Волонтерлер бағдарламасымен (UNV) бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди улыбаются, толпа и текст

Comments
Other materials