Жазушы, белгілі өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұрат Бектенов 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі естіртті, деп хабарлайды “Адырна”.
Мұрат Бектенов – жазушы, журналист, өлкетанушы, Махамбет ауданының Құрметті азаматы.
Ұзақ жылдар бойы журналистика саласында еңбек етіп, туған өлкенің тарихын, мәдени мұрасын, тарихи тұлғаларын зерттеуге және насихаттауға елеулі үлес қосты. Оның шығармашылығы туған жердің өткені мен бүгініне, ел тарихына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған деректі-танымдық еңбектерімен ерекшеленеді.
Related news
OMIR SYNYBEKULY: If the head of state does not take care like Konayev himself, the danger will increase...
