Жасөспірімді құтқармақ болған бойжеткен суға батып кетті

219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4vHG0NIvzixx1oCO3uvRPOAbIV0MPhkhUZfNjSiF.webp

Оралда 18 жастағы Алсу Ермағамбетова суға батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқармақ болып, өзі көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Мой город" мәліметінше, оқиға 16 шілде күні Жайық өзенінің Ремзауыт ауданындағы шомылуға арналмаған жағажайда болған. Туыстарының айтуынша, Алсу жүзуді білмесе де, көмекке шақырған жасөспірімді құтқару үшін бірден суға секірген.

Оқиға күні Алсу достарымен бірге медициналық колледжге оқуға түскенін атап өткен. Біраз уақыттан кейін 16 жастағы жасөспірім тереңірек жүзіп кетіп, көмек сұрай бастаған. Алғашында оның сөзін әзіл деп қабылдағанымен, жағдайдың шынайы екенін түсінген Алсу суға түскен. Жасөспірім жағаға шығып үлгергенімен, Алсуды құтқару мүмкін болмаған.

Туыстарының сөзінше, оқиға орнына жеткен құтқарушылар шамамен 40 минуттан кейін қыздың денесін ағыс бойымен 40 метр төмен жерден тапқан. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.

Марқұммен қоштасу рәсімі 20 шілде күні өтті. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Comments