Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Министрлік мәліметінше, тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын сөз еткен.
Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланған. Алайда Сыртқы істер министрлігі әңгіменің нақты мазмұнын жариялаған жоқ.
Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы КҚК-ның теңіз терминалына ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.
23 шілдеде Энергетика министрлігі Қара теңіз акваториясындағы кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында КҚК-ның теңіз терминалындағы тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Ал 25 шілдеде Каспий құбыр консорциумы жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы жөнелту операцияларын қайта бастағанын хабарлады.
A declaration on cooperation in the field of higher education and scientific research between Kazakhstan and France was signed
