Көшербаев Рубиомен Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Lojo59M7ojwozJHjs1YWflLJLZndLBlxTgzCgxC0.webp

Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік мәліметінше, тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын сөз еткен.

Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланған. Алайда Сыртқы істер министрлігі әңгіменің нақты мазмұнын жариялаған жоқ.

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы КҚК-ның теңіз терминалына ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

23 шілдеде Энергетика министрлігі Қара теңіз акваториясындағы кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында КҚК-ның теңіз терминалындағы тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Ал 25 шілдеде Каспий құбыр консорциумы жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдауды және оны Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы жөнелту операцияларын қайта бастағанын хабарлады.

评论