Қазақстан жаңа саяси кезеңнің қарсаңында: реформалар, өкілдік және көшбасшылық

209
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/06F3toizzS2IoWsPDj9eKHsUuGhJkhe04ZkmoO03.webp

Мадридтегі Сан-Пабло CEU университетінің қазіргі заман тарихы профессоры профессоры Рикардо Руис де ла Серна 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды кезең болады деп есептейді.

Оның айтуынша, бұл жаңа Конституция қабылданғаннан кейін өтетін алғашқы парламенттік сайлау болмақ. Ол жүргізілген реформалардың институционалдық тұрғыдан аяқталуын қамтамасыз етіп, елдің жаңа даму кезеңіне жол ашады.

Сарапшының пікірінше, бір палаталы Құрылтайға көшу заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға және саяси партиялардың рөлін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар жаңа парламенттің атауы қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің халықтық өкілдік дәстүрлерімен сабақтастығын көрсетеді.

«Алдағы сайлау Қазақстанның жаңа Конституциясында айқындалған саяси модельге іс жүзінде көшуді қамтамасыз етуі тиіс», – дейді Рикардо Руис де ла Серна.

Сайлау партиялық тізімдер негізіндегі пропорционалды жүйе бойынша өтеді. Мұндай модель партиялардың өз бағдарламалары үшін жауапкершілігін арттырып, саяси бәсекелестіктің дамуына жағдай жасайды. Сайлау науқанының негізгі қағидаттары ашықтық, заңдылықтың сақталуы және азаматтардың еркін таңдау жасау құқығын қамтамасыз ету болуы тиіс.

Сарапшының пікірінше, конституциялық реформалар – «Әділетті Қазақстанды» құруға, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және өкілді институттарды дамытуға бағытталған саясаттың бір бөлігі.

Сайлаудың өтуі Қазақстанның саяси реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан тұрақты әрі сенімді серіктес ретіндегі халықаралық беделін де нығайтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша жасақталатын жаңа Құрылтай Конституция ережелерін іс жүзінде жүзеге асырып, елдің алдағы даму бағыттарын айқындауы тиіс.

Comments