БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Сирияны қалпына келтіру үшін Башар Асад режимі кезінде енгізілген барлық санкцияларды шұғыл түрде алып тастау қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна".
Дамаскке жасаған екі күндік сапарының қорытындысы бойынша Гутерриш Сирия экономикасын, инфрақұрылымын және мемлекеттік институттарын қалпына келтіру үшін санкциялардың толықтай жойылуы маңызды екенін атап өтті.
Ол бірқатар мемлекеттердің Дамаскке қатысты санкциялық режимді жеңілдету бағытындағы қадамдарын құптағанымен, бұл шаралардың жеткіліксіз екенін айтты.
Сондай-ақ, БҰҰ Сирияның өтпелі кезеңі барысында жан-жақты қолдау көрсетуге және қажетті көмекті жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Related news
