Ресейдің орталық бөлігінде құқық қорғау органдары сырт көзге өте сүйкімді көрінетін ерекше «күдіктіні» қолға түсірді. Мысық түрме аумағына есірткі жеткізбек болған, деп хабарлайды "Адырна".
Оқиға Нижегород облысындағы түзеу мекемелерінің бірінің маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, мысық сол колония аумағында жүретін болған. Белгісіз адамдар осыны пайдаланып, тұтқындарға есірткіні мысық арқылы жеткізуге әрекеттенген.
Тыйым салынған заттар матаға оралып, мысықтың мойнына байланған. Қызметтік иттің көмегімен оның ішінде шынымен де есірткі болғаны анықталды.
Ресей Федералдық жазаларды орындау қызметінің мәліметінше, тәркілеуден кейін мамандар мысықтың еш жарақат алмағанына көз жеткізіп, оны еркіндікке жіберген.
Related news
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
