Аргентина Англияны жеңіп, финалға шықты

136
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/P6hXFqxVnTuFgcRDG3TNmFCa16yQIzCiknGjyNlG.webp

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші жартылай финалында қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы Англияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлем біріншілігіндегі ең тартысты кездесулердің бірі саналған матч 16 шілдеге қараған түні АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атланта қаласында өтті.

Есепті 55-минутта англиялық шабуылшы Энтони Гордон ашты. Ол Морган Роджерстің қапталдан берген пасын сәтті аяқтады. Осыдан кейін «Үш арыстан» атанған Англия құрамасы қорғанысқа шегініп, есепті сақтап қалуға тырысты. Алайда Лионель Месси бастаған Аргентина шабуылдары нәтижесін берді. 85-минутта Энцо Фернандес алыстан тамаша соққы жасап, есепті теңестірді. Бұл голға Месси нәтижелі пас берді. Ал кездесуге қосылған екінші минутта дәл сол Мессидің пасынан кейін Лаутаро Мартинес баспен гол соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады. Осылайша Аргентина құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр.

2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін матчта Англия мен жартылай финалда жеңілген Франция құрамалары 18 шілдеде Майамиде кездеседі. Ал чемпионаттың финалы 19 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, биылғы әлем чемпионатына 48 құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінген еді.

Comments