Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» жазғы фестивалі өтеді

112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NvVYSdwfJ2mPZ3FJV1RKgpe0jZffLm1ADD2nltcp.jpg

2026 жылғы 25 шілдеде Жетісу облысы Алакөл ауданының Ақши ауылында жазғы маусымның ең ауқымды мәдени-ойын-сауық шараларының бірі – «Алакөл толқыны» фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін таныту, Алакөл көлінің табиғи сұлулығын насихаттау, ішкі туризмді дамыту және тұрғындар мен қонақтарға сапалы демалыс мәдениетін ұсыну.

Көгілдір көл жағасында ұйымдастырылатын мерекелік шарада музыка, өнер және заманауи ойын-сауық бағдарламалары тоғысады. Табиғаттың әсем көрінісі мен көтеріңкі атмосфера фестиваль қонақтарына ерекше әсер сыйламақ.

Бағдарлама аясында танымал жүргізушілердің қатысуымен интерактивті ойындар мен флешмобтар, түрлі байқаулар өтеді. Сондай-ақ Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылып, ходулистер, тірі мүсіндер және алып ростовой қуыршақтар көрермендерге театрландырылған қойылымдарын ұсынады.

Кешкі уақытта DJ-сетпен жалғасатын би кеші ұйымдастырылып, фестиваль әсерлі мерекелік отшашумен қорытындыланады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Алакөл толқыны» фестивалі өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, Алакөл жағалауын жазғы демалыстың басты бағыттарының бірі ретінде кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Comments
Other materials