Улан-Баторда «Моңғолдың құпия шежіресіне» арналған зерттеулерді талдаған ғылыми еңбектің тұсауы кесілді. Бұл туралы «Монцамэ» ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл ғылыми шолу еңбекте "Моңғолдың құпия шежіресінің" Қытайда қалай зерттелгені талданады.
Бұл іс-шараға Моңғолия мемлекеттік университетінің және Моңғолия ғылым академиясының Тіл және мәдениет институтының ғалымдары мен оқытушылары қатысқан.
Ғылыми шолудың авторы – елдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының докторы Ядмаагийн Ганбаатар. Бұл еңбек «Моңғолдың құпия шежіресінің» 800 жылдығына орай жарық көрген.
Кітапта Қытайда соңғы 800 жыл бойы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жинақталып, жаңа ғылыми тұжырымдар ұсынылған.
Еңбек «Моңғолдардың құпия шежіресінің ксилографиялық басылымдары», «Моңғол тарихнамасы», «Моңғолдардың құпия шежіресін жазуда қолданылған қытай иероглифтерін зерттеу» секілді бөлімдерден тұрады.
A little girl died: a mother who left her daughter in kindergarten for a month lost her parental rights
Domestic brand. The appetite of "Falcon" that did not fly, "Tulpar" that did not come out and "Komagai".
