U20 Азия чемпионаты. Қазақстандық балуандар 18 медаль жеңіп алды

126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XRagh8j2za8jBIA34Z0JiD1EchM7VPLfu39qDaxq.jpg

Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 18 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын, 7 күміс және 9 қола жүлде түсті, деп хабарлайды "Адырна".

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) пен Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) чемпион атанды. Күміс жүлдені Сұңқар Сейдахмет (70 келіге дейін), Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) жеңіп алды. Ал Айбек Қалиахмет (79 келіге дейін) пен Асхаб Хаджиев (86 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Әйелдер күресінде Жаңыл Бекен (65 келіге дейін) мен Ұлдана Тілеухан (68 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Динара Дауылқызы (53 келіге дейін), Анна Стратан (57 келіге дейін) және Айжан Мұратбай (59 келіге дейін) қола медальға қол жеткізді.

Грек-рим күресінен Бақдәулет Тұрсынбек (77 келіге дейін), Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Әлихан Тағаев (87 келіге дейін) күміс медаль еншіледі. Ал Әмірмұхаммед Қабулов (55 келіге дейін), Алпамыс Болатұлы (60 келіге дейін) және Максим Украинцев (97 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Comments