Белсенді Серікжан Біләштің әпкесі үйқамаққа ауыстырылды

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Nz086Esl0gllm97AjdVU3BqyDwkiwymIzksrf0Y8.jpg

Бәтиқа Біләш қамаудан босатылып, үйқамаққа жіберілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.

Бұл ақпаратты оның адвокаты Шынқуат Байжанов растады. Сот Бәтиқа Біләштің денсаулық жағдайын және кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп, оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешім қабылдаған.

26 маусымға қараған түні Алматы облысында полиция Бәтиқа Біләштің үйінде тінту жүргізіп, кейін оны полиция бөліміне алып кеткен болатын. Содан бері ол тергеу изоляторында болған.

Адвокаттың мәліметінше, Бәтиқа Біләшке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша күдік келтірілген. Қорғаушы бұл айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Бәтиқа Біләш – АҚШ-та тұратын, Шыңжаңдағы қуғын-сүргін мәселесін көтеріп жүрген белсенді және «Атажұрт» ұйымын құрушылардың бірі Серікжан Біләштің әпкесі.

Comments