Полицейдің өлімі. Марқұмның көршілері оқиға туралы айтты

71
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L0LUETtnZ82CCsWgG1tvEVeVVtTJYnFpb3BG0TCe.jpg

Алматы облысының Кеген ауданында полицей Аслан Әлсеровтың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қылмысқа марқұмның жұбайы мен баласы күдікті ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

КТК хабарлауынша, оқиға орын алған көпқабатты үйдің тұрғындарының айтуынша, қайғылы жағдай болған күні пәтерден ешқандай айқай-шу немесе күмән тудыратын дыбыс естілмеген. Көршілер бұл туралы тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, мән-жайды анықтай бастағаннан кейін ғана білгендерін айтады.

Олардың сөзінше, отбасы мүшелері тыныш өмір сүрген, ал марқұм мен оның жұбайын көршілер жағымды адамдар ретінде сипаттайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кісі өлімі отбасы тұрған пәтерде болған. Тергеу нұсқасы бойынша, кейін мәйіт басқа жерге шығарылып, өртелген. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары жан-жақты тексеріп жатыр.

Марқұм Аслан Әлсеров 24 маусым күні жер қойнына тапсырылды. Оның туыстары оқиғаның нақты себептерін білмейтіндерін айтып, істің әділ тергеліп, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылуын талап етуде.

Comments