Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы партияның кезектен тыс съезінде мәлім болды.
Съезд барысында Серік Егізбаев партия төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтататынын жариялады. Делегаттардың шешімімен бұл қызметке Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қайрат Айтуғанов сайланды.
Серік Егізбаев «Ауыл» партиясын 2023 жылдың қазан айынан бері басқарды. Ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
Жаңа төраға Қайрат Айтуғанов бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде вице-министр лауазымында жұмыс істеп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бірқатар жобаларға жетекшілік еткен.
Айта кетейік, бұған дейін Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының төрағалығынан кеткенін хабарлаған едік.
