Астан улану фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Ақтөбеде жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Қандыағаш қаласында орналасқан «Тұмар» мейрамханасында өткен салтанатты шарадан кейін тіркелген. Мерекелік іс-шараға қатысқан 102 адам тамақтан уланып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, улану жағдайына ет өнімдері себеп болуы мүмкін.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, Қылмыстық кодекстің 304-бабы — санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша іс қозғалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар оқиғаны бақылау үшін жедел штаб құрылып, ауданға қосымша медициналық бригадалар жіберілген. Байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлік бақылауға алынуда.

Тергеу нәтижесінде оқиғаның нақты себептері анықталмақ. Мейрамхананың қызметі тексеру аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылған.

Comments