Назым Қызайбай Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WWgSIJwhU3RezYszQWWJYiiXqKlVhi0kJt14gJQv.jpg

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды “Адырна”.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы Италия өкілі Сирин Чараабимен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысында Назым Қызайбай қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің чемпионы атанды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – әлемнің үш дүркін чемпионы. Ол бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған еді.

Comments