Соғыс көрген Иран Қазақстанда ірімшік зауытын салады

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EKLbyx1Ut7GiSc9eRwdlXynD1BuEAe2knkki8adT.jpg

Қазақстан мен Иран министрліктері сүтті терең өңдеу жобасына инвестиция салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Алматы облысында жылына 155 мың тонна өнім өндіретін ірімшік зауыты бой көтереді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 35,2 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кеткен.

Министр Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа кәсіпорын елдегі өңдеу қуатын арттырып, отандық сүт өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Solico Group президенті Голам Әли Сүлеймани Қазақстанды ұзақ мерзімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын айтты. Сондай-ақ компания картопты өңдеу және балалар тағамын өндіру бағытында да жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерттеп жатыр. Келісім аясында инвесторға өндіріс алаңына қажетті инженерлік инфрақұрылымды жеткізуді қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

Зауытты 2029 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жоба аясында кемінде 400 тұрақты жұмыс орны ашылып, қазақстандық мамандар оқытылып, заманауи өндірістік технологиялар енгізіледі. Бұдан бөлек, 2028–2038 жылдар аралығында компания Алматы облысындағы әлеуметтік бастамалар мен жергілікті қауымдастықтарды қолдауға жыл сайын шамамен 50 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Comments