Ақтауда әлеуметтік желілерде көрінеу жалған ақпарат таратты деп танылған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 778 500 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралған іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған.
Сот материалдарына сәйкес, әйел мамыр айында «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджерінде Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің оқытушыларына қатысты беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.
Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындамай, хаттамамен келіспейтінін мәлімдеді. Алайда жәбірленуші тарап оның таратқан ақпаратын жалған деп тануды және заң аясында жауапкершілікке тартуды сұраған.
Сот азаматшаның кінәсі жәбірленуші жауаптарымен, әлеуметтік желідегі жазбалармен, фотоматериалдармен, ұжымдық арызбен, полиция баянатымен және іс материалдарындағы өзге де құжаттармен дәлелденгенін атап өтті.
Сот шешімімен Р. ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 180 АЕК көлемінде, яғни 778 500 теңге айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
South Korean President Yoon Suk-yeol has been arrested on charges of attempting to incite a rebellion
